Еріктілер қол ұшын созады

0 23

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері қала тұрғындары үшін «Қамқорлық мекенжайлары» және «Birgemiz» шараларын өткізуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.– Бұл акцияны біз тұрақты түрде өткіземіз. Жыл бойы ҰОС мен тыл ардагерлері, жалғызбасты зейнеткерлер үшін 145 азық-түлік себетін үлестіруді жоспарлап отырмыз. Бүгін біз 10 көмекке мұқтаж тұрғынға бардық. Осындай шаралардың арқасында елордалық жастар қаланың әлеуметтік өміріне белсенді қатысып, бойындағы мейірімділік, адамгершілік қасиеттерімен бөліседі, – деп атап өтті «Астана жастары» КММ волонтерлік қозғалысты дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова. Жастар әдеттегідей зейнеткерлер мен жалғызбасты қала тұрғындарына қар тазалауға көмек көрсетуде.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды