Волонтер болғың келе ме?

0 71

«Астана жастары» еріктілері елдің дамуына септігін тигізетін түрлі мәдени-бұқаралық, әлеуметтік, экологиялық іс-шаралардың басы-қасында қызмет етіп келеді. Енді аталған мекеме «Волонтерлер мектебіне» қабылдау үшін жастарды тегін дайындауды қолға алып отыр.

«Волонтерлік мектеп» үш бағыт бойынша жүзеге асады: әлеуметтік волонтерлік, ТЖ волонтерлері және халықаралық іс-шаралар. Қазіргі күні «Астана жастары» мекемесінде 300 белсенді еріктіден құралған арнайы команда бар. Ал қала бойынша барлығы 3000-ға тарта волонтер тіркелген. Сол сияқты 25 волонтерлік ұйыммен ынтымақтастық байланыс орнатылған.

Волонтерлер жұмысы: спорттық, әлеуметтік және EVENT, ECО, ТЖ (жаңа бағыт) болып бөлінеді. «Астана жастары» қатарында волонтер болу үшін жеке куәлік (паспорт, туу туралы куәлік); сауалнама толтыру; әңгімелесуден өту; өтініш берушіге ұйымның сай келуін анықтау және волонтер болу ниетіне сенімділік болуы керек.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − eleven =