ВИЗА РЕЖИМІН ЖЕТІЛДІРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

0 129

20140710134310

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте виза режімін жетілдіру, Қазақстанға визасыз келе алатын елдердің қатарын кеңейту жөнінде әңгіме өрбітті.

 «Көптеген елдер осындай жеңілдетілген визасы режім алғылары келеді. Біз қазіргі уақытта қолға алынған қанатқақты жобадан кейін Қазақстанмен визасыз режімге ие елдердің тізімін кеңейтпекпіз», – деді Р.Жошыбаев.

Бұған дейін Қазақстанда біржақты тәртіппен он мемлекет азаматтары үшін визасыз режім биылғы 15 шілдеден бастап күшіне енетіндігі туралы айтылған болатын. Тізімде  АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы және Жапония бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × five =