«Википедия» қазақша сөйледі

0 166

Кеше Министрліктер үйінің мәжіліс залында «Қазақша Википедия» жобасына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Оған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов, «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Р.Кенжеханұлының айтуынша, «Қазақша Википедия» жобасы өткен жылдың маусымында басталған. Жобаның мақсаты – ғаламдық «Википедия» энциклопедиясының қазақ тілді
тарауын дамыту. Жоба басталған кезде «Википедияның» қазақша тарауындағы мақалалар саны сегіз мыңнан аспаған болса, бір жарым
жыл ішінде мақалалар саны екі есеге өсіп, екі жүз мыңнан асқан. Энциклопедияны қолданатын аудитория да айтарлықтай ұлғайған.
Ал, А.Махметов қазақ «Википедиясының » қарқынды дамуы әлемдік вики-қауымдастықтың жоғары бағасына ие болғандығын айтып өтті.

«Қазақша Википедия» жобасы – ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімовтің қамқорлығымен жүзеге асып жатқан қазақ тілді мазмұнды дамытуға бағытталған жобалардың бірі. Аталмыш жобалардың қатарында «Қазақстанның ашық кітапханасы», «Creative Commons» лицензияларын насихаттау, «Google Translate» қызметіне қазақ тілін қосу, TED лекцияларын аудару және тарату, сондай-ақ, өзге де ғаламдық онлайн платформалар мен қызметтерді қазақ тіліне бейімдеп, көпшілікке ашу және еркін тарату бастамалары бар.

Хамит ЕСАМАН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 5 =