Велосипедші елдің ұсынысы

0 97

Астанада Гол­ландия апталығы өтуде. Апталық аясында Астана қаласы әкімдігінде «Астанаға веломәдениетті енгізу» де­ген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған Нидер­ланды Корольдігі Елшілігінің өкілдері қатысты.

Жиын барысында қала көшелерінде велосипедке арналған жол­дар жасалып, белгілердің қойылуы және велосипедтің транспорттық көлік ретінде танылуы жөнінде сөз болды. Голландияда көлік ретінде велосипедті қолданады және кеңінен насихатталады. Шара ба­рысында голланд сарапшыларының дайындаған слайдтары көрсетіліп, тәжірибе алмасты.

Нидерланды Корольдігінің Елшісі Питер ванн Леувеннің айтуынша, ве­лосипедпен жүру пайдалы. Астана – ол үшін өте қолайлы қала. Егер осындай үлкен қалаларда жұрттың көпшілігі ве­лосипедпен жүрсе, ауамыз таза болар еді. Әрі жол апаты деген болмас еді.

Мамырдың 19-ы күні Астананың орталық көшелерінде голланд әріптестердің қатысуымен велошеру өтеді.

Еркежан СӘТІМБЕК

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen − 6 =