Ұжым болып екпе алды

0 12

Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау қарқын алып келеді. «Астана су арнасы» кәсіпорны қызметкерлері екпе қабылдап, қала тұрғындарын вакцина алуға шақырды. Бұл кәсіпорында 1921 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі КВИ-ге қарсы екпе алды.«Кәсіпорын қызметкерлерінің 813-і вакцинаның бірінші компонентін, 758-і екінші компонентін алды. Осы жылдың 21 шілдесіндегі жағдай бойынша екпе алған қызметкерлердің саны 1588 адамды құрайды. Ал 333 қызметкер дәрігердің рұқсаты бойынша екпе алған жоқ. Вакцина алған қызметкерлердің бәрінің жағдайы жақсы, ешкімде ауырсыну, асқыну сияқты кері әсері болған жоқ» дейді «Астана су арнасы» кәсіпорнының баспасөз хатшысы Назгүл Сыздықова.
Кәсіпорын қызметкерлері екпе алудың маңыздылығын атап өтіп, жұртты денсаулығын сақтау үшін иммунизациядан өтуге шақырды.
«Астана су арнасында» қызмет еткеніме 5 жылдан асты. Бүгін вакцинаның екінші компонентін алып отырмын. «Спутник V» екпесін алдым. Екі компонентте де дене қызуы, бас ауыру секілді жанама әсерлер болған жоқ. Өзімді өте жақсы сезіндім. Вакцина қабылдағаннан кейін де маска режимін сақтап, қауіпсіздік ережесіне бағынамын. Еліміздің барлық тұрғынын вакцина алуға шақырамын» дейді «Астана су арнасы» кәсіпорны бақылаушысы Әсемгүл Жүнісова.
Сондай-ақ «Астана қалалық жарық» кәсіпорнының да қызметкерлері ұжым болып екпе алды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × four =