«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үздіктерге – үстемақы

1 247

Білім және ғылым министрлігі өкілдері биылғы оқу жылының қорытынды есебін жариялады. Елімізде 2017-2018 оқу жылында білім сапасы жоғарылапты. Тек бестік алғандар саны – 20%. Бұл алдыңғы жылғыдан 3%-ға білім сапасы артқанын айшықтайды. Ал түлектердің 50 пайызы тек сабақты 4 пен 5-ке бітірді.

Биылғы жыл жақсы жаңалыққа толы болды. Елбасы Жолдауындағы мұғалімдердің мәртебесі мен жалақысына байланысты ұсыныстар іске асуда. Мұны Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов жеткізді. Оның айтуынша, жаңартылған білім мазмұнына көшкен мектептердің ұстаздарына 1-қаңтардан бастап 30 пайыздық үстемақы қосылады.

Күні кеше 26 мамырда Ұстаздардың Ұлттық біліктілік тесті өтті. Соның нәтижесінде, алдағы қаңтардан мұғалімдердің жалақысына 30-дан 50 пайызға дейін қосымша үстемақы берілмек. Енді 30-50 пайыздық үстемақыға мұғалімдердің екінші легі сынақ тапсырады. Жаңартылған білім жүйесі бойынша, біліктілік тестін тапсырған ұстаздарға үстемақы біліктілік сертификаты беріледі.

Қарлыға ИБРАГИМ

  1. Айгүл :

    Жақсы жаңалық екен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды