Үздіктер үкіленді

0 90

Конгресс-Холда мерейтойлық шаралардың бірі – жас дарындарға қанат бітіріп, бола­шағына жол ашқан республикалық «Ән жүрегім – Астана» байқауының гала-концерті өтті.

Байқаудың басты мақсаты – Астананың имиджін көтеретін авторлық әндерді анықтап, композиторлар мен ақындардың, жас орындаушылардың шығар­машылығын насихаттау және талапты талант­тарды іздеп тауып, во­кальды, поэтикалық және компо­зиторлық өнерді біріктіру болатын. Сондықтан да көп­шіліктің көңілінен шыққан бұл шара жас қатысу­шылардың шабытын шарықтатып, мерейлерін үстем етті.

Нәтижесінде, 1-орынды қызылордалық Серік Ибрагимов жеңіп алса, 2-орынды алматылық Әлібек Әлмәдиев иеленді. Ал, 3-орынды ақтөбелік Азамат Бекбергенов місе тұтып, Семейден келген «Кербез» дуэті дипломант атанды. Байқаудың арнайы дипломымен Бақытжан Урахаев пен екібастұздық Сайран Бралина марапатталды.

Ғали ТӨЛЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =