ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

0 121

Елордада шығатын өнімдерді насихаттау, кәсіпкерлер арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру, ең озық тауар өндірушіні анықтау мақсатында бас қаламызда бірнеше жылдар көлемінде «Астананың үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылып келеді. Бұрнағы күні Конгресс-холл сарайында байқау кезекті рет өткізіліп, 45 кәсіпкер тұтынушылар мен сарапшылардың назарына өз өнімін ұсынды.

Қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдар өкілдерінен жасақталған комиссия мүшелері тауарлар сапасына, олардың сертификатталуы өлшемдеріне, тұтынушылардың пікіріне қарап бағалады. Алдын ала айтайық, бұл жолы да бұрын жеңген немесе жүлдегерлердің қатарына енген кәсіпорындар нарықта тегіннен-тегін жүрмегенін дәлелдеді. Ол байқау қорытындысы шығарылғанда белгілі болды. Сонымен, жүлделер төмендегі үш аталым бойынша бөлінді:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы:
1. «Led Solution» ЖШС (жарық диодті өнімдер өндірісі).
2. «Жаркын КО» ЖШС (баспагерлік қызмет).
3. «Экотон +» АҚ (қабырға блогтары өндірісі).

«Үздік азық-түлік тауарлары» аталымы:
1. «Цесна-Астык» Концерні» АҚ (ұн, макарон, нан-тоқаш өнімдері).
2. «Апрель» ЖШС (шұжық және тәтті тағамдар өндірісі).
3. «Энергоснаб» ЖШС (алкогольсіз сусындар шығару).

«Халық тұтынатын үздік тауарлар» аталымы:
1. «Алтын Орда» авторлық дизайн үйі» ЖШС (ұлттық үлгідегі киім және жиһаз шығару).
2. «Астана қаласының қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесі (арнаулы киім және киіз үй өндірісі).
3. «DONATIM» ЖШС (арнаулы киімдер өндірісі).

Жеңімпаздар кубок пен дипломдармен марапатталса, өзге қатысушыларға дипломдар табысталды.

Сондай-ақ, «Үздік өндірістік кәсіпорын», «Үздік инновациялық кәсіпорын» аталымдарында «Amitech Astana» ЖШС (пластик плиталар мен құбырлар өндірісі) мен «НҰР» жаңа технологияларды енгізу клубы» ЖШС (әйнектен жасалған бұйымдар) жеңіске жетті.

Байқау жеңімпаздары енді «Қазақстанның үздік тауары – 2013» республикалық көрме-байқауына қатысатын болады.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − four =