«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үздік жобалар анықталды

0 212

Астанада ҚР Білім және ғылым министрлігінің тікелей бастамасымен өткізілген «Студенттердің 100 үздік идеясы» атты республикалық конкурстың жеңімпаздары анықталды.

Байқау қолданысқа керекті әрі қоғамдық тұрғыда маңызды инновациялық идеялар мен жобаларды анықтауға бағытталған болатын. Жастар оған Қазақстанның қасиетті жерлерін бренділеу, қолайлы қала ортасын қалыптастыру, ауылдық жердің тұрмысын жақсарту, селф-брендингті көпшілікке насихаттау, латын әліпбиіне көшу, қазақ тіліне аударылған кітаптарға деген көпшіліктің қызығушылығын арттыруға қатысты жобаларын ұсынды.
Жарысқа 100-ден аса өтінім қабылданған. Олардың ішінен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері Балжан Қаратаева мен Кәмила Иманғалиева ұсынған «Alshy» – ұлттық брэнд» жобасы І орын алды. Қарағанды экономикалық университетінің студенті Алтынай Жолдыбайдың «Digital University» жобасы ІІ орынға, ал Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Әйгерім Оразбек ІІІ орынға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды