«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үздік жастарды үкіледі

0 235

Астанада «Елорда жастар сыйлығы» байқауы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жоба финалына 60 қатысушы шыққан еді.

– Мемлекет басшысы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Қазіргі таңда Астана әкімдігі Жастар жылы аясында ауқымды жобаларды жүзеге асыру мақсатында «Жол картасы» қалалық бағдарламасын әзірлеп жатыр. Жақында қалада жетекші жастар ұйымдарымен өткен кездесуде келесі жылы іске асырылатын бірқатар жоба мен бағдарлама талқыланды.«Елорда жастар сыйлығы» байқауы елордадағы жастарды қолдауға бағытталған, – деді марапаттау рәсімінде Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.
Әртүрлі аталымдарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар анықталды. «Жыл жаңалығы» – Асылхан Төлепов, «Эстрада» – Гүлмира Исімбаева, «Ғылым» – Аян Нұркеш, «Қазіргі заманғы өнер» – Қанат Нұртазин, «Журналистика» – Әмір Сәменбетов, «Әлеуметтік белсенді» – Әйгерім Көкеева, «Спорт» – Ілияс Фаткулин, «Театр» – Шехназа Кызыханова, «Кино» – Арман Қайыржан, «Үкіметтік емес ұйым» – Бақдәулет Жанділдаев, «Үздік өндіріс қызметкері» – Данияр Таңатов, «Үздік әлеуметтік қызметкер» – Қуаныш Жағалбаева, «Жыл еріктісі» – Мақсат Жолдыбай, «Үздік SMM менеджер» – Алтынбек Керешев, «Өнерге қосқан үлесі үшін» – Маргарита Попова, «Ерлік үшін» – Бақтияр Ілиясов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды