ҮЗДІК ҮСТАЗДАР ҮНДЕСТІГІ

0 125

Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өткен «Жұлдызды шашу» ІХ қалалық педагогикалық фес­тивалі аясында үздік алты ұстаз есімі «Астана қаласы білім саласының алтын қоры» кітабына енді.

Мерекелік бағдарлама театрландырылған көрі­ніспен ашылды. Қысқа да нұсқа қойылымдағы оқушылар жеткізген не­гізгі ой: Ұстаздар қараң­ғы­лық көгін біліммен сәу­ле­лендірген – асыл шам. Кеш барысында Жүгінісовтер триосы, Мейір Байнеш, Шандос Жұмағалиева Астана жайлы ән шырқап, мұғалімдер қошеметіне бөленді. Сондай-ақ, «Созвездие» би ансаблі вальс пен «ча-ча-ча» билерін орындады.

Фестивальдің басты мақ­саты – концерт қана емес. Шақырылған аста­на­лық мұғалімдерді Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев құттықтап, ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігінің, Астана қаласы Білім басқармасының алғыс хаттарын тапсырды және осы кеште 2013-2014 оқу жылындағы Спартакиа­да мен «Дидарлы жаз» спорт алаңдарының қоры­тындылары шығарылды. Ал, ардақты ұстаздар Альфия Гильмуллина, Гүлнара Ғалиасқарова, Светлана Ибраева, Любовь Урусова, Камилә Байсқақова мен Найла Куканова есімдері салтанатты түрде «Астана қаласы білім саласының алтын қоры» кітабына енгізілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + nine =