Үздік үміткерлер іріктелді

0 93

Астана қаласының кадр комиссиясы «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне үміткерлермен 28 мамыр және 3 маусым аралығында әңгімелесу кезеңін өткізді.

Бұл кезеңге жалпы 141 үміткер іріктеліп, кадр комис­сиясының әңгімелесу отырысына қатысты. Ел­басының саяси жігерінің арқасында мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі негізінде қалыптастырылып жатқан «А» корпусының кадр резервіне 13 әйел бақ сынады.

Мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі бойынша құрылып жатқан «А» корпусында үміткерлердің салалық құрылымына шектеу болған жоқ. Үміткерлер құрамында 36 мемлекеттік қызметкер, 105 басқа сала қызметкерлері, 20 жұмыссыз азамат қатысты.

Комиссия отырысы барысында әрбір үміткердің білімі мен білігіне, қызметтегі жетістіктеріне, қоғамдық қыз­метке қатысуына, «А» кор­пусының кадр резервіне кіру себептерімен танысуына, олардың ұйым­дастырушылық, көшбас­шылық қабілеттеріне, үміткеркерлердің этика мен құндылық бағдарына, еңбек жолындағы меритократия принциптері негізінде өсу деңгейіне жіті мән берілді.

Мемлекеттік қызмет реформасы саласында аймақтық көшбасшы елге айналған мемлекетіміздің заманауи үде­рістерді ескеріп, озық халықаралық тәжірибеге сәйкес жасалған мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңның талаптары негізінде өткізілген кадр комиссиясының жұмысы барысында өзінің біліктілігі мен жоғары білім деңгейін көрсеткен 139 үміткер Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияға жолданды.

 Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 17 =