Үздік режиссер әйел

0 20

Отандық режиссер Шарипа Оразбаева Лондонда өткен 22-халықаралық «Rainbow Film Festival» кинофестивалінде «үздік режиссер әйел» атанды.«Мен үшін күтпеген жаңалық болды. «Мариям» фильмі бұған дейін бірнеше халықаралық сыйлыққа ие болған. Фестивальдағы тағдыры тоқтаған шығар деп ойлаушы едім. Еуропада Орталық Азиядан «Үздік режиссер әйел» атанғаныма ерекше қуаныштымын» дейді режиссер.
Фильм күйеуі жоғалып кеткен соң төрт баласымен шалғайдағы ауылда қыстап қалған Мариям атты әйелдің өмірін баяндайды. Басты рөлді сол кейіпкердің прототипі Меруерт Сабуссинова ойнаған. Меруерт балаларымен алыс ауылда тұрады, күйеуі біршама уақыт бұрын туыстарымен бірге жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған. Режиссер кейіпкердің отбасындағы осы оқиғаны естіген соң фильм түсіруге бекініпті.
Фильм осыған дейін Локарно, Торонто, Пусан, сондай-ақ Түркия мен Испаниядағы кинофестивальдарда көрсетілді. Қазіргі уақытта Шарипа Оразбаева жаңа туындысын түсіріп болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × 5 =