Үздік мамандарды үкіледі

0 28

Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 30 жылы» атты салтанатты шара өтті. Соның барысында Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмұрзаев ауданның дамуына үлес қосқан әлеуметтік маңызы бар мамандық иелерін марапаттады.

dac55d4387a4341c2a9e9841771eae06

«Бүгінгі салтанатты іс-шара біздің Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған, бірақ тағы бір маңызды күн – 10 желтоқсан – астананы Ақмолаға көшіру туралы да ұмытпаған жөн. Бұл 24 жыл бұрын Елбасының тарихи шешімі болды. Сондықтан біз Алматы ауданының бұрынғы әкімдерін де шақырдық: ауданның бірінші басшысы Ахметолла Шәкіров, аудан әкімдігінде 6 жыл қызмет еткен Сапар Ахметов, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов. Ауданымыздың дамуына қосқан үлес пен қолдау үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз! Бүгін біз Алматы ауданының гүлденуіне өз үлесін қосқан батырларымызды – дәрігерлерді, мұғалімдерді, құтқарушыларды, еріктілерді салтанатты түрде құрметтегіміз келеді» деді Алматы ауданының әкімі Ерлан Бекмұрзаев.

Осы жиынға қатысушы «Замандас-21» қоғамдық қорының директоры Ләззат Алшанова «Алматы ауданында отыз жылдан бері еңбек етіп келе жатқан адамдарға сый-құрмет көрсетіліп жатыр. Мұның өзі бізге күш береді, рух береді» десе, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері Гүлжан Сембаева «Осындай үлкен мерекеде құттықтап жатқанына алғысымыз шексіз. Біз мүгедек балалармен жұмыс істейміз. Осындай марапатқа өте ризамыз» дейді. Жиында түрлі сала мен мамандықтардың үздік өкілдері 23 номинация бойынша мүсіншелермен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 1 =