ҮЗДІК КӘСІПКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

0 132

8082-big

Кеше Ұлттық сурет галереясында өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен кәсіпкерлер марапатталды.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» байқауы 2006 жыл­дан бері дәстүрлі түр­де өткізіліп келеді.  Бұл мәр­тебелі шара ғана емес, бизнес жетістігін таныс­тыруға, тәжірибе алмасуға, серіктес іздеуге және жаңа шарттар жаса­суға арналған бірден-бір алаң болып табылады. Сонымен бірге, бұл – кәсібін нәсіп еткен жандарды ынталандыратын сайыс. Осы байқау арқылы жеңімпаздар өзі­нің мақсатты аудиториясын кеңейтіп, сарапшылар кеңесін алып, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізе алады.

Сонымен биыл да үш номинация бойынша өт­кен байқаудың «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер» аталымы бойынша «Алтын адам» мейрамханасы жеңімпаз болды. «Жылдың үздік кәсіпкері» ретінде «Астана наны» ЖШС танылса, «Өндіріс саласындағы үз­дік кәсіпкер» аталымында «АЛКОН+» ЖШС бі­рін­ші орынды иеленді.

 

Қымбат НҰРҒАЛИ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × two =