Ұзаққа созылған құрылысқа инвестор табылды

0 13

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында әлеуметтік тұрғын үй, білім беру және үлестік құрылыс нысандарының құрылыс барысымен танысты.Мәңгілік ел даңғылы №29 және №30 қиылысында орналасқан «Хазар» («Загреб») тұрғын үй кешенінің инвесторы анықталды. Қазіргі уақытта үй қаржыландырылды, жер учаскесі рәсімделді, объектіде құрылыс жұмыс­тары басталды. Үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «ЕКК» ЖШС мен инвестордың қатысуымен салынады. Құрылысы ұзаққа созылған «Талисман» тұрғын үй кешенінде (Е542 и Е567 көшелерінің қиылысы) құрылыс жұмыстары басталды. Биыл шамамен 8 мың үлескері бар 20 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі. 2019 жылы 2,5 мың үлескері 10 үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар, қала әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік тұрғын үй құрылысының барысымен танысты. Үй «Пригородный» елді мекенінде орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды. 8 мыңнан астам жеңілдікпен берілетін пәтер салынады. Пәтерлер кезекте тұрған аз қамтылған азаматтар мен тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына есептелген. Үй құрылысы барысында «қадамдық қолжетімділік» қағидаты ескеріледі.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × two =