©2020 Астана Ақшамы
ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ – ӨЗ ҚОЛЫҢДА
Осы аптада елордалықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнін атап өтті. Қаланың медициналық мекемелерінде әртүрлі шаралар, ашық есік күндері мен «Ұзақ өмір сүруің – өз қолыңда!» атты марафон ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау күніне арналған іс-шаралар алдымен «Ажар» сауда ойын-сауық орталығында басталды. Онда спорт мектептерінің шеберлік сыныптары, флеш-моб, концерттік бағдарлама өткізілді.
Ал, денсаулық марафоны аясында дәрігерлер мектептерге және оқу орындарына арнайы барып, денсаулықты ерте бастан нығайту, салауатты өмір салтын сақтау, отбасын жоспарлау, дұрыс тамақтану сынды тақырыптарға байланысты дәрістер оқып, ақыл-кеңестерін берді.