Ұялы байланыс қызметі көңіліңізден шыға ма?

0 140

Қазақстанда ұялы байланыс­ абоненттерінің саны 30 миллионға жуық екен. Қазір елдегі ұялы байланыс нарығындағы қалыптасқан жағдайға көптеген сын айтылып жүргені жасырын ­емес.

Бізде нақ осы ұялы байланыс абоненттері мен интернет ресурстарының саны жыл сайын еселеп артып келеді. Олардың тұтыну қызметі ТМД-дағы көптеген елдермен салыстырғанда анағұрлым қымбат. Осыған байланыс­ты­ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесіне дай­ындыққа байланысты өткен кеңесте ұялы байланыстың желісіне тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Елбасының пайымдауынша, ұялы байланыс тиісті деңгейде емес, сондықтан, бұл мәселені шешуге кірісу шарт. Осы жер­де ұялы байланыстың бағасына сапасы сай ма деген сұрақ туындайды. Сіз­ не айтар едіңіз?

Айтолқын ӘЛІМХАНОВА, қала тұрғыны:

– Жыл сайын­ ұя­­лы байла­ныс­ са­­­па­сын­­ да­­мы­ту­­­ға­ ба­­ғыт­­тал­­ған­ ша­ра­лар­ жү­­зе­ге асы­ры­лып, сол мақсатқа қо­мақ­­ты қаржы бө­лініп жатыр. Билік бай­­ланысқа ақ­шасын аяп отырған жоқ.­ Де­се де, ата­лған салада пробле­ма­­ бар.­ Мәселен, осы­дан екі жыл бұ­­рын­­­ Сейфуллин кө­­­­ше­­сі­нің­ басын­да (Н.­Тілендиев кө­ше­сінің сол жағы) мем­­лекеттік бағ­дар­­ла­­ма­мен үйлер са­­­лын­­­ған. Онда 6 мыңға жуық­ пә­тер бар. Міне,­ сол жақта ұялы бай­ла­­ныс дұрыс ұс­­­та­­­май­­ды.­ Телефонмен­ сөй­ле­су­ үшін­ те­­ре­зенің алдында тұруға ту­ра­ ке­ле­ді. Қо­ң­ырау шала алмау, сө­зі­ңіз­­дің­ үзік-үзік­ естілуі, қайта-қайта үзі­луі сияқты ақаулар орын алып жата­ды.­ Ауылдағы адам­дар ұялы телефонмен сөйлесу үшін қо­раның немесе төбенің үстіне шығып сөй­леседі деп естуші едік. Біздің №187 кө­ше тұрғындарының олардан еш ай­ыр­­машылы жоқ. Бұдан бөлек, ұя­лы байланыс ақысы да қымбат. Ал, қыз­мет­ сол бағаға сай келмейді.

Айбек ЖҰМАҒҰЛОВ, байланысшы:

– Қазір кез кел­ген­ адамда ұя­лы­ те­­­ле­фон­ бар.­­ Он­­сыз­­­ еш­­кім­­нің­­ ша­р­­уа­­сы­ бітпейді. Бі­­рақ, сол ұялы бай­ла­­ныс­­тың­­ са­па­сы­­ сын кө­­тер­мейтіні рас.­­ Бағасы да тым қым­­бат­­. Жақында ин­тер­неттен оқыдым, 2010­ жыл­ғы деректер бойынша ТМД ел­де­рін­де ұялы байланыстың бір ми­нут­­тық құны Қазақстанда 18,35 тең­ге­ні құраса, ол­ Қырғызстанда – 3,2, Өз­бек­стан­да – 4,47, Грузияда – 7,49, Украинада – 9,86 теңгені құраған. Бұдан басқа ел­дер­ге қа­рағанда бізде ұялы байланыс қыз­ме­ті­нің қымбат екенін байқауға болады. Сон­дай­-ақ, бізде басқа желілерге қо­ңы­рау­ шалу үшін үстеме бірліктер алады. Мә­селен, кейбіреулер бірнеше ұялы те­ле­­фон­ пайдаланады. Яғни, әрқайсысы әр байланысқа арналған. Бірақ, мұн­­дай­ мүм­кін­діктер қарапайым адам­дар­дың көп­ші­лі­гінде бола бермейді ғой. Сон­­дық­тан, барлық ұялы бай­ла­­ныс­ опе­­ра­­тор­ларының басқа же­лі­лерге қо­ңырау ша­луға арналған үс­­те­ме­-та­риф­терді алып­ тастау ке­рек­­ деп­ ойлаймын. Кей­ін­гі кезде Қа­зақс­тан­ның байланыс са­ла­­сын­­ арзандату үшін бір­қатар шаралар қол­ға алынып жа­тыр­ екен. Еліміздегі ұя­лы байланыс­ қыз­метінің бағасы 15 пай­ыз­ға арзандайды. Ол кезде кез келген опе­ра­торға қоңырау шалу минутына 9 тең­­ге болады дегенді естідім. Солай бол­са, жақсы болар еді.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 4 =