Ұтыс ойынға қатысты

0 42

Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде екпе алған педагогтар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны өтті.

IA5A4412
IA5A4413
IA5A4418
IA5A4419
IA5A4432
IA5A4436
IA5A4437
IA5A4442
IA5A4446
IA5A4451
IA5A4452
previous arrow
next arrow

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті маусым айында пандемияға қарсы «Бәріміз бірге пандемияны жеңеміз!» деген үлкен акция ұйымдастырды. Бүгін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізіп отырмыз. Бұл ойынға вакцина паспортын иеленген оқытушылар мен қызметкерлеріміз қатыс­ты. Қазір университетімізде вакцина алған оқытушы, қыз­меткерлердің саны 90 пайыз­ға жуықтады» деді Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің маманы Жайнагүл Құсайынова.

1130-ға жуық адам қатысқан ұтыс ойыны Facebook және Instagram парақшаларында онлайн түрде өтті.
«Бүгінгі лотереяға вакцинаның екі компонентін де алған қызметкерлер қатысты. Лотереяда ойнатылған сыйлық саны 200-ден асады. Жалпы жүлде қоры 3,5-4 млн теңгені құрайды. Сыйлықтар арасында қызметкерлерге қажетті компьютер, ноутбук, теледидар, қысқатолқынды пеш, үтік, принтер және т.б. бар. Жеңімпаздарға сыйлықтар факультеттер арқылы жеткізілетін болады» дейді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемiр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − eighteen =