«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұсыныс бар ма, хабарлас!

0 313

«Нұр Отан» партиясы жаңа бастаманы қолға алды. Арнайы қосылған жедел желі арқылы телефон шалушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жол­дауындағы тапсырмаларды ілгерілетуге және іске асы­руға көмектесетін идеяларын ұсынып, пікір білді­ре алады.

Жедел желінің нөмірі мынадай: 8 800 080 4441. Қазақстанның кез келген өңірінен телефон шалу тегін. Жедел желі жұмыс күндері 09:00-18:30 аралығында қызмет көрсетеді. Ал түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін. Жұмыс уақытынан тыс мезгілде, сондай-ақ демалыс күндері түскен қоңыраулар да назардан тыс қалмай, жазылып қалады. Кез келген өтініш ескерілетін болмақ. Сондай-ақ, өтініш білдірген хабарламаларды мессенджердің көмегі арқылы 8-700-800-44-41 нөмірінің WhatsApp және Viber-іне жіберуге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды