Үстел теннисінен жарысты

0 8

Есіл ауданының Ардагерлер кеңесі орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ауданның зейнеткерлері арасында үстел теннисінен турнир өтті.Аталған іс-шараны Есіл ауданының әкімдігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі дирекциясы ұйымдастырды. 

60 жастан асқан зейнеткер ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен жолдастық кездесу өткізген бұл шарада спортты жанына серік еткен ардагерлер теннистен тартысты ойын көрсетті. Жарыс қағидасы бойынша әрбір ойыншыға 5 минут берілді. Осы уақыт ішінде қарсыластан басым болған ойыншы жеңіске жетіп, Есіл ауданы әкімінің аппараты және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ бекіткен сыйлықтармен, дипломдармен және естелік медальдармен марапатталды.

– Қаламызда қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі – үстел теннисі. Бұл – нағыз бұқаралық әрі қолжетімді ойын. Жалпы жарыстың мақсаты – ардагерлерді дене тәрбиесі және спортпен айналысуға ынталандыру, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен ардагерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізілген жарыста санитарлық талаптар толық сақталды, – дейді жарыс ұйымдастырушысы Өнербек Ерлан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 5 =