ҰСТАЗДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

0 188

ERA_2764

Бейсенбі күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы Білім басқармасына қарасты Гума­ни­тарлық колледждің 70 жыл­дық мерейтойына арналған «Кәсіби кадр­ларды даярлау стратегиясы: мәселелер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Астана қаласы Білім басқармасы басшысы Эльмира Суханбердиева, Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаментінің директоры Сабыржан Мадеев, Ресей Білім беру академиясының Педагогикалық және ересектерге білім беру институтының директоры Ирина Соколова қатысты. Сонымен бірге, конференцияның жоғары деңгейде өтуі үшін Екатеринбург қаласы Урал мемлекеттік педагогикалық университеті мен Челябі мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілдері және Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім  академиясы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушы-про­фессорлар құрамы қолдау көрсетті.

Урал мемлекеттік педагогикалық университетінің өкілі Юлия Галагузова: «Екі басқа мемлекет бол­ға­нымызбен, бізді көптеген ортақ істер байланыстырады. Қос елдің білікті мамандарының тәжі­рибе алмасуы – құптарлық бас­тама. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, педагогтардың мақсаты – бала тәрбиесі. Бұл іске келгенде бізге бәсекелестік емес, бірлік қажет» дейді.

Конференция алты секцияға бө­лініп өткізілді. Шара аясында «Кә­сіптік білім беру жүйесін модернизациялау. Негізгі үрдістер» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге республика бойынша 20 білім беру ұйымының іс-тәжірибелері жинақ­талған баннерлер мен оқу-әдістемелік құралдар қойылды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 4 =