Ұстаздар марапатталды

0 15

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қашықтан оқыту кезіндегі ерен еңбегі үшін елордалық ұстаздарды марапаттады.Нұр-Сұлтан мектептерінің 22 мұ­ғалімі Ыбырай Алтынсарин медалін иеленсе, үш ұстаз «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды. Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары 139 ұстазға тапсырылды.
Қала әкімінің орынбасары мұғалімдерді оқу жылының аяқталуымен құттықтай отырып, олардың қашықтан оқытудағы зор еңбегін ерекше атап өтті. «Пандемия кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевтың қолдауымен азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді. Осынау қиын уақытта өздеріңіз жақсы жұмыс көрсетіп, балаларды оқытуға зор үлес қостыңыздар. Оқу жылының 4-тоқсаны ерекше форматта өтті, 170 мыңдай оқушы қашықтан білім алды. Ұстаздар қауымы осындай қиын кезеңде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті. Елордада 187 мұғалім телеарналар арқылы қазақ және орыс тілінде 12 пәннен бас-
аяғы 3300 онлайн сабақ өткізді» деді Бақтияр Мәкен.
Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова педагогтарға қашықтан оқыту кезінде білім беруді жалғастыру үшін жаңа дағдыларды меңгеруге тура келгенін айтты. «Әлемдік пандемия кезінде елімізде ұстаздар «Ел арна», «Балапан» арналары арқылы сабақ берді. Мұғалімдердің тәжірибесінде бұл алғаш рет болып отыр. Ұстаз ғана емес, диктор міндетін де, монтаж жұмысын да қосымша атқарды» деді Ш.Қадырова.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − two =