Ұстаздар еңбегі ұлықталды

0 130

Жуырда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Бас құжатта білім саласына қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Ал, Мемлекет басшысының тапсырмасын жеделдету мақсатындағы шаралар басталып кетті. Айталық, «Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориалдық кешені ұйымдастырған «Үздік сабақ» байқауы мәресіне жетті. 

«Тәуелсіздік – тірегің, егемендік – елдігің» атты шараның жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.
Байқауға 107 ұстаз қатысып, 89 сабақ өткізген. Оның 74-і – қазақ тілінде, 10 сабақ – орыс тілінде, 5 сабақ ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде өтті. Осы сабақтарға барлығы 2225 оқушы атсалысқан.

«Атамекен» Қазақстан картасы» этномемориал­дық кешені бұл білім додасын үшінші жыл ұйым­дастырып отыр. Мұражай мен мектептердің өзара қарым-қатынасында жаңа үрдіс қалыптастыруды мақ­сат еткен шараға мектеп бас­шылары мен ұстаздар бел­сен­ді қатысты. Ерекше қы­­зы­ғу­шылық танытты» дей­­ді этномемориалдық ке­шен­­нің директоры Үміт­хан Мұңалбаева.

Байқау қорытындысы бойынша жиырма төрт номи­нацияның жеңімпаздары дипломдармен марапат­талды. Сонымен қатар, ұстаздарға демеушілер баға­­лы сыйлықтар табыс етті. Ал «Үздік сабақ» бай­­қауы­­ның бас жүлдесіне ие болған №54 мектептің ұста­зы Гүл­бар­ша Бүркітбайқызы мен №68 мектептің мұға­лімі Наға­шыберген Карбозға жүз мың теңге берілді. Сондай-ақ, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно­мемо­риал­дық кешенімен тығыз қарым-қаты­нас орнат­қан екі ұстазға Түркия мен Біріккен Араб әмір­ліктеріне жолдама табыс етілді. Осыған қоса 72 ұстаз сертификатпен, 35 мұғалім ерекше дип­ломмен мара­патталды. Ал, байқауды өткізуге белсене қаты­сып, жоғары ұйымдастырушылық танытқан алты мек­тептің басшысы мен орынбасарлары алғыс хаттарға ие болды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − thirteen =