Ұстаздар аллеясы ашылды  

0 36

Елордадағы ботаникалық бақта Ұстаздар күніне орай педагогтер аллеясы ашылды. Есіл ауданы әкімі Берік Жәкенов пен бірқатар білім ордасының басшылары аллеяға 20 шырша отырғызды.

WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.36
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.35 (2)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.35 (1)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.35
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.34 (3)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.34 (2)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.34 (1)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.34
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.33 (2)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.33 (1)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.33
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.32 (3)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.32 (2)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.32 (1)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.32
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.31 (3)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.31 (2)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.31 (1)
WhatsApp Image 2021-11-22 at 10.28.31
previous arrow
next arrow

– Ботаникалық бақта 45 мыңға жуық тал өседі. Көктемде Оқушылар аллеясын ашқанбыз, бүгін міне, педагогтер аллеясы пайда болды. Бүгін ауданға қарасты 20 мектептің директорларымен бірігіп, 20 шырша отырғыздық. Ағаштың қадір-қасиетін ежелден жақсы білген халықпыз ғой. Ата-бабаларымыз: «Бір тал кессең, он тал ек» деп текке айтпаса керек. «Әкеден мал қалғанша тал қалсын» деген қазақтың сөзі бар ғой. Игі іске атсалысқан ұстаздарға алғыс білдіре отырып, төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Адамзаттың өмірін білімсіз елестету қиын. Кез келген салада істе, жұмыс­та білім қажет. Сондықтан білім саласы қызметкерлерінің жауап­кершілігі мен маңызы да арта түсуде, – деді Есіл ауданы әкімі Берік Жәкенов.

Астанадағы 92 гектар жерді алып жатқан Ботаникалық бақта қара аққайың, қызыл үйең­кі, үшкір жапырақты үйеңкі, суармалы үйеңкі, қарапайым арша, манчжур жаңғағы, сібір майқарағайы сияқты көшеттердің 33 мыңнан аса түрі бар. Аудан әкімінің сөзінше, жыл соңына дейін ботаникалық бақ тағы 3 мың ағашпен толығады.

«Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткізілген шараның маңызы зор. Ұстаздар аллеясы ашылып, бәріміз бірге ағаш отырғыздық. Ботаникалық бақ нағыз желдің өтінде орналасқан. Жас қайыңдар өсіп тұр. Болашақта өскелең ұрпаққа, тұрғындарға, қалаға келген қонақтарға жайлы болу үшін жасалып жатқан шара жалғасын таба берсін. Елорданың көркеюіне қосқан үлесіміз деп ойлаймын. Ұстаздар күні құтты болсын! Мұғалімдерге шығармашылық табыс пен шыдамдылық тілеймін. Оқушыларымыз тек қана биіктен көрінсін. Бәсекеге қабілетті ұрпағымызбен мақтанып жүре берейік! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деп жүрекжарды тілегін жеткізді №88 мектеп-лицейінің директоры Жанат Айтова.

Ұстаздық – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. №78 мектеп-гимназиясының басшысы Жанар Жұмабекова мұғалімдеріміздің бойындағы сол асыл қасиеттерді бекіте түссек, олар еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындау ісінде аянбай еңбек етеді дейді.

«Мұғалімдерге мемлекетіміз жеткілікті деңгейде көңіл бөледі. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» десе, хакім Абай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп өтті. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылдануы, жалақымыз­дың өсуі, қағазбастылықтың азаюы мұғалімдерді шабыттандырды. Әсіресе, жастарымыз ұстаздықты жүрек қалауымен таңдайды. Ұстаз мәртебесі жылдан-жылға өсуде» деді №78 мектеп-гимназиясының басшысы Жанар Жұмабекова.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 − four =