«Ustazdar Аlany» ашылады

0 8

Елордадағы Байқоңыр ауданы А.Янушкевич – А.Пушкин көшелерінің қиылысындағы қоғамдық кеңістікте «Ustazdar Аlany» гүлзары ашылады. Осылайша аталған кеңістікті дамытудың жалпы жоспары өз мәресіне жетеді. Шілде айында ғана мұнда «Құтқарушылар саябағы» пайдалануға берілген еді.Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналған нысанда спорттық белсенді түрлерімен айналысуға да бар жағдай жасалған.
Жалпы бүгінде Байқоңыр ауданындағы абаттандыру және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп келеді. Аудандағы А.Жұбанов, Абай, Е.Брусиловский көшелеріндегі бірқатар тұрғын үйлердің ауласына балалардың ойын алаңшасы мен футбол, баскетбол ойнауға арналған алаңдар салынды. Тұрғындардың қолайлы демалысы үшін арнайы орындықтар мен демалыс орындары да қарастырылған.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × one =