«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұстаз жолын ұлықтаған

0 145

Астанада Мұғалімдер күні қарсаңында №73 мектеп-лицейінде ұлағатты ұстаздарды марапаттаған салтанатты кеш болды.

Бұл байқау осымен алтыншы рет өтіп отыр. Жарасымды дәстүрге айналған кеш «Ұр­пақтар жалғастығы» атты теле­визиялық ток-шоу ретінде ұйым­дастырылды.
Салтанатты шарада Білім бас­қармасының басшысы Әнуар Жанғозин сөз алып, мұға­­лім­дерді төл мерекесімен құт­тық­тады. «Ұстаз болу – ол жауапты, күрделі еңбек қана емес, жоғары құрметке ие мамандық. Өйткені әрбір адам өз өмір жолында тәрбиенің басым бөлігін ата-анасы мен ұстазынан алады. Сондықтан еліміздің дамуына, жеткіншектердің тұл­ға ретінде қалыптасуына қо­сып жатқан еңбектеріңізді жоғары бағалаймын. Биыл біз төл мерекені бас шаһардың 20 жылдығы аясында өткізіп отырмыз. Жас қаланың өркендеуіне елордалық мұғалімдер де ерекше үлес қосуда. Оқушыларымыздың да жоғары нәтижелері көңіл қуан­тады. Сондықтан бар­ша­ңызға алғыс айтамын» деп ізгі тілегін білдірді.
Байқауға қатысушылар үш аталым бойынша бақтарын сынады. Мәселен, «Еңбек әулеті» аталымына 17 әулет қатысып, оның жетеуі конкурстан өткен. Солардың арасынан еңбек өтілі 363 жылға созылған Садыр­баевтар әулеті жеңімпаз атанды. «Тәлімгерлер» аталымында шәкірттері көп жетістіктерге қол жеткізген №15 мектеп-гимназияның мұғалімі Ардақ Әлібекова топ жарды. Ал «Жас мамандар» аталымында Қо­ғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде студенттерге қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін, еңбек өтілі бір жыл ғана болса да, осы аралықта тамаша табыстарға жеткен Қонысбай Ембергенов деген жас ұстаздың бағы жанды.
Айта кетейік, жеңімпаз атан­­­ған мұғалімдерге бағалы сый­лықтар табыс етілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды