Ұстаз ізі мәңгілік

0 242

Елімізде мұғалімдер күні мерекесі жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде тойланады. Қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалаған сан мыңдаған баланы білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың еңбегі зор. Өйткені әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде.

Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Бүгінде Астана бойынша
95 мектеп бар. Оның 84-і мемлекеттік білім беру ошағы болса, 11-і – жекеменшік білім ордасы. Ал мектепке дейінгі білім беретін 261 білім меке­мелерінің 95-і мемлекеттік болса, одан бөлек 2 ведомстволық балабақша, 48 ша­ғын орталық, 59 мектепке даярлық сыныптары бар.
Қалалық Білім басқармасына қарасты білім ошақ­тарында бүгінде 14332 мұ-
­­ғалім еңбек етіп жүр. Алдағы уақытта білім ошақтарының саны артып, онда еңбек ететін ұстаздардың да қатары молаймақ.
Қыран түлегіне қайтпас
қанат сыйлайды, ұстаз шә­кіртіне талмас талап сыйлайды. Ұстаз – қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұл-
­ға өмірінде үлкен тәрбие мен
таусылмас білім ошағын са­на­сына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды.
Нағыз мұғалім, міне, осы!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 3 =