Ұстаз бен шәкіртке арналады

0 38

«Астана сазы» мемлекеттік фольклорлық ансамблі күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы мен оның атақты шәкірті Дина Нұрпейісованың шығармашылығына арналған концерт ұсынады.Композитор Бауыржан Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен «Астана сазы» ансамблінің солистері ұлы күйшілердің есімдерін асқақтатып, артына қалдырған мұраларын тағы бір жаңғыртпақ.
Концертте Құрманғазының «Қызыл қайың», «Балқаймақ», «Терісқақпай», «Машина», «Төремұрат» сынды мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлер орындалады. Сондай-ақ концерттік бағдарламаға қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген күйші Динаның «Байжұма», «8 март», «Жігер», «Бұлбұл», «Науысқы» туындылары енген. Дәстүрлі ән өнерін халықаралық байқаулардың лауреаты Айдана Қаржаубаева паш етіп, Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші дауысы» шығармасын орындайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − 11 =