«USTAZ ALANY» ашылады

0 14

Жайлы орындықтары, балалар алаңы, түрлі инсталляцияларға арналған орындар, жатуға арналған аспалы торы (гамак) және мастер-класс өткізуге арналған кеңістік – осының бәрі елорданың мұғалімдер саябағында орнатылады.Жаңа қоғамдық кеңістік Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысында орналасқан Беласар көпірінің маңы Ақбұлақ өзені бойында абаттандырылуда.
Бұл кеңістіктің ауданы 1,2 га құрайды. Саябақ аумағында алмасып оқу үшін кітап қораптарын орнату жоспарланған. Ал орталық бөлігінде таза ауада шеберлік сабақтарын өткізуге арналған орын ашылады. Елорданың дизайн-кодына сәйкес жарықтандырылған әткеншек орындықтары мен биікше орнатылған шамдар (торшер) аллеяны әсемдей түседі. Көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлінбек. Ал саябақтың орталық бөлігіне емен отырғызу жоспарланып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen + eighteen =