«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үшжақты келісім жасалды

0 193

Еңбек қауіпсіздігі сақталуы керек. Бұл туралы әкімдікте өткен жиында айтылды. Дөңгелек үстел басында бас қосқан жергілікті билік өкілдері мен кәсіподақ мүшелері, кәсіпкерлер еңбек ресурстарын дамыту мәселесін талқылады.

Жиын барысында қала әкі­мі орынбасары Малика Бектұрова мен Кәсіп­одақтар орталығының төр­ағасы Тас­танбек Есентаев және қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Әлен Түлкібаев 2018-2020 жылдарға арналған қалалық үшжақты келісімге қол қойды.
Бұған дейін соңғы 18 жыл ішінде мұндай үшжақты 7 келісім жасалған екен. Мұндай келісімнің орта мерзімдік келешекке қойылған әлеуметтік-экономикалық міндеттемелерді жүзеге асыру үшін жасалып отырғанын айтады тараптар. Аталмыш құжатта жұмыс берушілер мен жұмыс­керлердің ынтымақтастық жауапкершілігін күшейту, өндірістік еңбек деңгейін арттыру, жұмысшылардың денсаулығын сақтау және сауықтыру мәселелері қарастырылған.
Өз кезегінде сөз алған Қа­­лалық орта сапасы және ба­қылау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерлан Ысмағұлов «Былтыр жұмыс кезінде қала бойынша 57 қайғылы оқиға орын алып, оның 22-сі мерт болса, 38-і ауыр жараланды. Биыл бұл көрсеткіш 19 пайызға азайды. Еңбекті қорғау заңнамаларын бұз­ғаны үшін қаладағы 16 құ­рылыс компаниясының жұмысы тоқтатылып, істері сотқа жіберілді» деп атап өтті. 2017-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы туралы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау бас­қармасы басшысының орынбасары Артем Абильдинов баяндады. Сонымен қатар жиын барысында өндіріс үдерістерін тұрақтандыру, еңбек құқықтарын және жұмысшылардың кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтас­тық туралы кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ басшылары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыру барысы туралы да сөз болды. Меморандумға қол қою­дан гөрі оны жүзеге асыру маңызды екенін айтқан Малика Бектұрова жиында айтылған мәселелер хаттамаға тіркеліп, алдағы уақытта сол бойынша жүйелі жұмыс жүргізілетінін жеткізді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды