Үштен бірі тазалауды қажет етеді

0 28

Қалада коллекторлардың жалпы ұзындығы – 354 км. Олардың үштен бірі (134 км) тазалауды қажет етеді.

Астана көшелерін су басу қаупінен сақтау үшін әкімдік нөсерсу кәріздерін салу және коллекторларды тазалау жұ­мыс­тарын жүйелі түрде жүр­гізіп келеді. Жүйе түрлі қал­дықтармен бітеліп қалған жағ­дайда нөсерсу кәрізінің жұ­мысына кедергі келтіріп, то­лассыз жауған жауын суы кө­шелерге жайылып кетеді. Ол үшін ең алдымен коллекторларды тазартып тұру қажет. Мәселен, Жұмабай Тәшенов көшесі мен Абылайхан даңғылы/Таха Хусейн учаскесіндегі коллектор толық бітеліп қалған. Оны тазалау барысында 2,5 мың тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ оның өткізу қуатын арттыру үшін қосымша шығыршық орнатылды.
Б.Момышұлы даңғылының проблемалы учаскесінде су өткізу мәселесі ағымдағы жыл­дың күзінде шешілетін болды: нөсерсу кәрізінің ма­гистралдық коллекторының құрылысы жүргізіліп жатыр. Дауылпаз көшесінен Елім-ай көшесіне дейінгі аралықта созылып жатқан аталған нөсерсу кәрізінің ұзындығы – 500 метр (Б.Момышұлы даңғылы арқылы өтеді).
Сонымен қатар, «Жастар» шағын ауданында (Тәшенов және Амман көшелерінің қиы­лысында) тазарту құрылғысы салынуда, оған жалғасатын коллектор қайта жасақталуда. «Жастар» шағын ауданындағы жаңа та­зарту құрылғысы тәу­лігіне 42 мың текше метр су өткізуге қа­білетті. Осы құ­ры­лыстардың ар­қасында Тәшенов, Бараев, Уәлиханов, Иманбаев көшелері мен Республика даң­ғылы жауын су жайылу қау­пінен арылатын болады. Тазарту құрылғылары жер астында жайғасады, оның үстіне гүл бағы орналастырылып, абаттандырылады. Шағын сәулет пішіндері (МАФ) қойылады. Құрылыс 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған.
2019 жылы Мыңжылдық сая­жолы ауданындағы екі учаскеде нөсерсу кәрізінің проблемасы шешілді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 4 =