«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үшкемпіров турнирі

0 4

Нұр-Сұлтанда грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған U20 жас арасында халықаралық турнир өтті.

432375f98143538866cec962343736ae_1280x720

Турнирдің ашылу салтанатында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Азия күрес федерациясының президенті, Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының басшысы Дәулет Тұрлыханов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов қатысты.

 Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен жарыстың мақсаты жайлы Дәулет Тұрлыханов айтып берді:

«Мамыр айының 3-5 күндері грек-рим күресінен жастар арасында халықаралық турнир – бұл марқұм Жақсылық Үшкемпіров ағамызды еске алуға арналған жарыс. Оған Орта Азияның төрт мемлекеті – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдері қатысып отыр. Бұл бәсекенің басты мақсаты – балуандарымыз халықаралық сындарда шыңдалып, тәжірибе жинап, айтулы бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғаса екен дейміз. Болашақта құрама командада деңгейі жоғары балуандарымыз көбейсе деп отырмыз, – деді атақты балуан.

Нұр-Сұлтанда екінші рет ұйым­дас­тырылып отырған халықаралық турнирде 150-ден астам спортшы 10 салмақ дəрежесі бойынша бәсекеге түсті.

Халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дип­ломдар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды