«Үшінші жұмақтың» кереметі

0 15

Елордада Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай және COVID-19 індетіне қарсы жаһандық күресті қолдау мақсатында атақты қылқалам шебері Микеланджело Пистолеттоның «Үшінші жұмақ» өнер инсталляциясының онлайн таныстырылымы болды.Бұл жоба еліміздегі БҰҰ «Artios» креативті агенттігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Осыған дейін әлемнің жетекші өнер алаңдарында қойылған суретшінің авторлық туындысы Қазақстанда алғаш көрсетіліп отыр.
«Үшінші жұмақ» – адамзат баласының даму мақсатына деген ұмтылысын бейнелейді. Бұл тұжырымдаманың маңызды бөлігі – экологиялық ойлауды да­мытуды және Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі идеясы мен бағытын бедерлейді.
Инсталляцияның ашы­луында әуелеп ән мен күй төгілді. Талант­ты өнерпаз Еділ Құсайынов кө­мейімен ән айтып, көне дәуір­дің сазын тербелтті.
Көркемөнер инсталляциясы Нұржол бульвары, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – Ақорда алдындағы амфитеатрда орналасқан. Оны алдағы екі ай бойы тамашалай аласыз. Жоба аясында онлайн режимінде бірнеше танымдық семинарлар, шеберлік дәрістер және UN75 диалогтарын өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Үшінші жұмақ» осыған дейін Луврда (Париж), БҰҰ-ның Женевадағы штаб-пәтерінде, Брюссельдегі Еуропалық Одақ Кеңесінде, Миланда, Токиода және әлемнің басқа да қалаларында көрсетілген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + fifteen =