Үш ойынды – сырт алаңда

0 31

КХЛ чемпионатында ел намысын қорғайтын астаналық «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымға қызу дайындалып жатыр. Біздің команда чемпионаттың алғашқы үш ойынын сырт алаңда өткізетін болады.

«Барыс» бірінші ойында 3 қыркү­йек­ күні Ригада жергілікті «Динамо» командасымен кездеседі. 5 қыркү­­­­­-й­ек­ күні елордалықтар Минск қаласында ойнайды. Бүгінде минскілік «Динамоның» фанаттары өз қомандаларының өз алаңында өткізетін ойындарына байкот жариялап жатыр. «Елдегі әлеуметтік-саяси жағдай тұрақталмай, түрмеге қамалған адамдар босатылмаса команданы қолдауға, жанкүйер болуға қарсылық білдіреміз» делінген фан-клуб парақшасында.
«Барыс» үшінші ойынды Мәскеуде ЦСКА командасына қарсы өткізеді.
Ал «Барыста» өз алаңындағы бірінші матч 10 қыркүйекте өтеді. Бұл күні елордалық клуб Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» командасын қабылдайды. Алайда COVID-19 жағдайы­на байланысты бұл ойынның «Барыс Арена» стадионында өткізілетіні немесе өткізілмейтіні жөнінде әлі нақтылы шешім қабылданған жоқ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty − seven =