ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

0 200

IMG_0470

Елордада 19 сәуірде өтетін сенбілікте қала көшелеріне терек, тал, қайың, қарағай, мойыл ағаштарының 2950 көшеті отырғызылады.

«Астана-Зеленстрой» АҚ хабар­лауынша, экологиялық сен­бі­лікке қатысушылар қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етіледі. Көгалдандыру жұмыс­тарына арналған құнарлы топы­рақ, құм, қарашірік секілді қажет­ті заттар дайын. Бұған қоса, ау­дан әкімдіктерінің өтініштері бой­ын­ша ПИК пен басқа да ұйым­дар­ға ағаш пен бұтақтардың 2100 көшеті, 3,5 тонна әк пен қоқыс жинауға арналған 3600 қап бөлінген.

Қала аумағын абаттандыру кезінде ағаштарды әктеу, сая­бақ­тар мен скверлерді қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Айта кеткен жөн, «Біз таза қаланы қолдаймыз!» атты дәс­түр­лі сенбілікке 93000 адам қатысады деп жоспарлануда.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 − one =