©2020 Астана Ақшамы
Үш көрме үйлесімі
Астанадағы «Көрме» орталығында «Kazatomexpo», «Power Astana» және «MachExpo Kazakhstan» халықаралық көрмелері ашылды. Биыл «Kazatomexpo» көрмесі орталық алаңда орналасты. Оның тақырыбы – «Атом энергетикасы және өнеркәсіп». Оған Қазақстан, Беларусь, Германия, Ресей, Финляндия және Оңтүстік Кореяның атом компаниялары қатысуда.
«Power Astana» көрмесінде қазіргі энергетика саласының дамуын көрсететін жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар шығарылып отыр. Ал «MachExpo Kazakhstan» көрмесінде Қазақстан, Украина мен Швейцарияның машина жасау әлеуетімен танысуға болады.
Еркежан СӘТІМБЕК