Үш көрме үйлесімі

0 72

Астанадағы «Көрме» орта­лы­­ғын­­да «Kazatomexpo», «Power Astana» жә­не «MachExpo Kazakhstan» ха­лық­­аралық көрмелері ашылды. Биыл «Kazatomexpo» көрмесі ор­­талық алаңда орналасты. Оның та­­қырыбы – «Атом энергетикасы жә­­не өнеркәсіп». Оған Қазақстан, Беларусь, Германия, Ресей, Финляндия және Оңтүстік Кореяның атом компаниялары қатысуда.
«Power Astana» көрмесінде қазіргі энергетика саласының дамуын көрсететін жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар шығарылып отыр. Ал «MachExpo Kazakhstan» көрмесінде Қазақстан, Украина мен Швейцарияның машина жасау әлеуетімен танысуға болады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 10 =