«Ұрпақ үшін, мұхтаржан, абайды жаз…»

0 1  146

Шыны сол, тұңғыш абайтанушы – Әли­хан­ Бө­кейханов. Оған Алаш кө­­семінің 1905 жы­лы жарық көрген «Абай (Ибрагим)­ Құ­нан­ба­ев» ат­ты қазанамасы дәлел. Мұн­­дағы Абай­дың өмірбаяны мен шы­­­ғармалары, идеялық бағдары, сөз өне­­ріндегі шеберлігі мен ше­шендігі, ха­­лық арасында жетілу жолы жұрт­­­шылыққа, әсі­ресе, орыс оқыр­ман­­дарына тосын рухани әлем бол­ды. Абай­дың ақын­дығы мен аса­ күрделі ой­-толғамдарына Әли­ханның білікті пі­кір­­ ай­туы сол кезең үшін айтарлықтай жа­­ңалық еді.

Та­ғы бір сөз етерлігі, 1907 жылы сол за­ман­дағы беделді ғылыми ұй­ым – орыс гео­графиялық қоғамының арнаулы жи­на­ғын­да Абайдың су­реті тұңғыш рет баспа бе­деріне түсті.

Абай мен Әлихан кездесті ме?

Петербург­те бел­гі­лі ға­лым Се­ме­нов-Тян-Шанский мен ака­де­мик В.­Ламанскийдің ре­дак­ция­сы­мен жа­­­рық көрген «Россия. Полное гео­­графическое описание нашего­ Оте­­чес­тва» ат­ты көп том­ды ең­­бек­­­тің 1903 жылғы он сегізінші то­­­мы­ «Кир­­гиз­ский край» деген атау­­­мен қа­зақ тарихына арналады. Кі­­­тап­тың­­ «На­се­ле­ние­» деп­ атал­ған­­ екін­­ші бөлімін жазуға Әлихан да­­ қа­­тыс­­қан.­ Он­да қа­зақ хал­қының та­­­ри­хы мен танымын, мәдениетін, ау­­ыз әдебиеті жауһарларын айта ке­­­ле,­ Абайға айрықша тоқталады. «Жа­ңа әдебиеттің көшбасшысы» деп­­ бағалайды. Яғни, ғалым Қай­ым­­ Мұ­ха­мед­хан­ов­тың­ сө­зі­мен айт­­­­­­­­­сақ, «Абай­дың­ кө­зі ті­рі­сін­де оны­­ орыстың оқырман қауымына тұң­­ғыш рет таныстырған адам – Әли­­хан Бөкейханов».

«Семипалатинский областные­ ве­­домости» газетінің 1904 жылғы №8­ санында Семей облысы статис­тика комитетінің атқарған істері ту­ралы есебі жарияланған. Міне, осы­ есептегі комитет мүшелерінің қа­­тар­ында «Ибраһим Кунанба­ев», «А.­Букейханов» деп жазылған. Яғ­ни, Әле­кең­ мен Абай бiр ко­мис­­сия­ның­ құ­ра­­мын­да бол­ған­. Осы­­­ған қарап, қос тұлғамыздың кез­­десуі де мүмкін деген тұжырым жа­­­сау­ға болады. …1914 жылы дала да­­нышпанының досы Михаэ­лис­ қай­­­тыс бо­лады. Әли­ханның қа­ра­лы­ хабардан кейін жазған қаза­на­­­­­­масында «Қазақтың жалғызы, ақы­­ны Абайды тура жолға салған осы­ Михаэлис еді. Абай өле-өл­ген­­ше «менің көзімді ашқан, ма­ған жа­­на­шырлық қылған Михаэ­л­ис» деп айтып отыратын» деуі ха­кім мен күрескердің таныс бол­ған­ды­ғын­­ айғақтайды.

«Абай жолы» Әлекеңнің өсиетімен жазылған

Қайым Мұхамедханов Әли­хан­ның Абаймен, оның Тұрағұл, Кә­кі­тай, Шәкәрім сынды туыстары­мен­,­ Көкбай, Мұқа сықылды шә­кірт­те­рімен таныстығын 1899 жы­лы­­ Щербина экспедициясымен қа­­зақ даласын зерттеуге шыққан ке­­зі­нен бастайды. Олардың та­ныс­­тығы нақ­ты қай жылдан бас­тал­­­ғаны, неше рет кездескені анық бол­­ма­са­ да, Әлиханның Абай­ды­­­ сүйіп оқы­ғандығы айқын. «Абай­ по­­эти­калық қуаттың иесі, қа­зақ­ хал­­қының мақтанышы. Абай­ сияқ­ты­­­ халықтың рухани твор­чес­­тво­­сын осынша жоғары кө­тер­ген­ қазақ ақыны әлі кез­дескен жоқ­…» дейді Әлихан. Бұл баға кү­рескердің Абай әдеби мұ­ра­сын терең, жан-жақты танып біл­­­ген зерттеуші екенін көрсетеді. «Абайдың жылдың төрт мезгіліне (жазғытұрым, жаз, күз, қыс) арнап жаз­­ған әдемі өлеңінің өзі Абайды Еу­­ропаға әйгілі ететіндей» деген Әле­­кең хакім дүниетанымына, ой-тол­ғаныстарына терең бойлап, ру­хани бол­мы­сын жете танып, оны орыс оқырмандарына мойын­дат­пақ бол­ған. ХХ ғасырдың ба­сын­­да­ айналасына интеллектуалды эли­таны жинап, елдікке ұмтылған Әлихан Бөкейханов «Ұрпақ үшін Абайды жаз» деп, Мұхтар Әу­е­зов­­­ке өсиет ет­ті. Сөйтіп, қазақ хал­­­­қына «Абай жо­лы» еңбегі бұй­­­ыр­ды.

«Қолжазба құны – бес мың ру­бль»­

Абай­танудағы Кәкітайдың еңбегі жө­нінде Мұхтар Әуезов былай дей­ді: «…Абай мұрасына ерекше ең­бек сіңірген, Абай өзі тәрбиелеп, баулыған Кәкітай Ысқақұлының еңбегін ерекше айту керек. Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашқы таң­дамалы жинағын бірінші рет Петербургтегі Бороганский баспаханасында 1909 жылы шығарды. Сол жинақтың аяғында ақынның Кә­кітай жазған бірінші өмірбаяны бе­­­ріледі».

Шындығында, бұл – Кә­­­­кітайдың сөзімен Әлиханның Абай өмірі туралы толықтырып жаз­­ған екінші мақаласы еді. Оның ал­­­ғашқы нұсқасы 1905 жылы «Се­ми­палатинский листокта» орыс ті­лінде басылды. Бұл – ұлы Абай­дың­ қағаз бетіне түскен ең алғашқы ғұмырнамасы болатын.

Сол шақта Әлихан қудалауға түскен-тін. Қудалаудан құтылу үшін бiрiншi Думаның депутаттығына сайлануға тырысады. Алайда, 1906 жыл­­дың 8 қаңтарында Семейге­ қай­­тар жолда тұтқындалады. Алаш­­ кө­­­­се­мі­­нің­ порт­фе­лі­нен Абай­­дың­ қол­жаз­ба­ла­ры­ табыла­ды.­­­ Бұл ту­­ра­­сында соттың жа­зып­­­ алған тер­­­­геу­ін­де ай­тыл­ады. «Ме­нің порт­­­­­фе­лімде Абай шы­ғар­ма­ла­ры­­­ның қолжазбасы бар. Соны сақ­­­­­тау­ға­ ты­ры­сы­ңыздар. Оның құ­­­­ны – 5 мың рубль» дейді­ Әлихан. Ол­­ уақыт­та 5 мың рубль – көптің қо­­­­лы жет­пейтін көлемді қаржы екен. Ақыры, қолжазба сақталып қал­­­­­са керек.

Кү­рескер Павлодар түбiндегi Ямы­шев­ский түр­месіне отыр­ғы­­зы­­­ла­ды. Бiр-екi ай өт­кен­нен кей­ін Омбы түрмесіне жiберiледi. Ом­­бы­ түр­месiнен ары жер аударып­ жi­бергелi жатқанда, семейлiк жер­­­­лес­­те­­рі сай­лау­шы ре­тінде дау­ыс беріп, құт­қарып қалады. Се­бебі, сай­лау­шының құқы ол кезде ай­рықша бол­ған, сайланушыны тұт­қын­ға алу­ға рұқсат етiлмейдi. Сосын бi­рiншi Думаның депутаты болады.­ Әлекең 1909 жылы Абайдың жи­на­ғын Семейден емес, Петербор бас­­пасынан бір-ақ шығарады.

Хакімнің тұңғыш жинағы қалай жарық көрді?

Абай жинағының жарық көруіне қалт­­қысыз қамқорлық жасаған Әли­­­хан Бөкейханов басты назарын­ қа­зақ халқының тарихы мен мә­де­ние­тіне арнады. Ал, Әлиханның бұл­ ең­бегі жайлы Міржақып Дула­тов бы­­лай дейді: «1905 жылы «Се­ми­­па­латинский листок» газетасын­да­ һәм онан кейін Семейдегі гео­гра­фи­ческий обществоның шы­ғар­­­ған бір кі­та­бын­да Әлихан Бө­­кей­ханов Абайдың тәржіма ха­лін жаз­ды һәм ке­шікпей кітабы ба­сы­ла­тынын біл­діріп еді. Бірақ тез­ шық­пады. 19­09 жылы Абайдың ба­ла­ла­ры һәм інілерінің ризалығы һәм Ә­ли­­­ханның ыждаһатымен Абай кі­­­­табы Петербургта Бураганский бас­­пасында басылып шықты. Біз­дің­ қо­лымыздағы кітап сол бірінші ба­­­сы­лым».

Әлихан 1914 жылы «Қазақ» га­­­зе­тiне шыққан «Кәкiтай» деген ма­­­қаласында Кәкітайды еске ала оты­­рып, «Өзіме Абайдың қайтыс бол­­ғаны туралы қаралы хабар кел­генде, отыра салып балаларына бір­­ден хат жаздым» дейді. Ай­тып­ отыр­ған балалары – Тұрағұл мен­ Кә­кiтай. «Дереу Абайдың өлең­де­рі мен жазбаларын хатқа тү­сiрiп, кітап қылып басыңдар. Әйт­песе, ұмытылып, жоғалып ке­те­ді» депті. Кәкiтай осы шаруаны қол­ға алып, арнайы киіз үй тiгiп, Мүр­сейіт Бікеұлы есімді молданы отыр­ғы­зып, Абайдың есте қалған барлық өлең­­дерін құсни көркем жазумен әдіп­­теп хатқа түсiрткiзедi…

Кәкітай мен Әлихан Омбыда кез­де­сіп, Абай өлеңдерін он жеті бө­лік­­ке топтастырады. Әрбір бөлікке же­­келей тақырыптар («Халық ту­­­ралы», «Өлең туралы», «Өзі ту­­­ралы», «Ғашықтық туралы», «Ой­­ ту­ра­лы» се­кіл­ді) қой­ған. «Ақын шығармаларын бұлай жік­теу­ шартты түрде болса да, та­қы­ры­­­бына қарай топтап бастыру сол­ замандағы оқырман қауымға Абай­­дың ақындығын таныту жо­лын­­ жеңілдету мақсатынан туған бо­латын» дейді мұны Қайым Мұ­ха­медханов. Қысқасы, Әлихан мен Кә­кітай қияндағы Петерборға бір­ге барған. Жол шығынын Абай­дың ағайындары көтеріскен. «Петер­бор­ ба­ра­тын­ адамдарға 200 сом қа­­­­­­­ра­жат жібердік» дейді Әрхам ес­­­­­те­лі­­гін­де. Төрт жылға созылған шыр­­­­ғалаңнан кейін Абайдың ал­ғаш­­­қы өлеңдер жинағы 1909 жы­лы басылып шығады. Жинақтың бас­­­­қы бетінде «Қазақ ақыны Иб­­ра­һим Құнанбай­ұғы­лы­ның өле­­ңі.­ Бастырған: Кәкітай, Тұ­ра­­ғұл Құнанбайұғыландары. С­ПБ.­ Вос­точ­ная эпектропечатня­ И.­Бо­ра­ган­скога, 1909» деп жа­зыл­ған.

Алаштықтар Абай жайында не дейді?

Міржақып Дулатовтың «Қазақ» га­зетіне басылған «Абай» деген ма­­­қа­ласында «Абайдың өлген кү­­­­ні­нен қанша алыстасақ, рухына­ сон­­­ша жа­қындармыз» деген жол­­­дар бар. «Не шара! Қазақ әде­­­бие­­­ті­нің атасы хакімінде ал­тын­­ әріп­­пен жа­зы­­ларлық Абай Шың­­ғыс тауын­да туып, Шыңғыс тау­ын­­да алпыс жыл­дық өмірін өт­кі­­зіп, сол Шыңғыс тау­ында өлді. Ту­ғанын, жасағанын, өл­генін өз елі – Тобық­тыдан басқа қа­зақтың көп жері білмей де қалды. Осы за­ман­­­да үш ауыз сөздің басын құ­рай бі­­летін­дердің жазулары тас­қа ба­сы­­­лып, халыққа тарап, сын­ға түсіп тұр­­­ғанда, Абай сөзі өзі өл­геннен бес жыл өткенде басылды» деп жал­­­ғасады ол жолдар.

«Ақын Абай сөзін оқырман атау­­­­лының бірден түсіне ал­ма­ған­ды­­ғын, әр сөзінің мағынасының өте­ те­рең екендігін, оның не ма­ғы­нада ай­­тыл­ғандығын біреу баян­дап ұқ­тырғанда ғана білуге болады… Қа­­зақ­тың бас ақыны – Абай. Одан ас­қан бұрын-соңғы заманда қа­зақ ба­­ла­сында біз білетін ақын бол­ған жоқ­. Ақмола, Семей облы­сын­­да Абайды білмейтін адам жоқ» дейді Ах­мет Байтұрсынов. «Абайдың сөз­дері кітап болып ба­­сы­лып шық­­қанша Абайдың аты да, сөзі де Тор­ғай облысына ес­тіл­­меуші еді» де­генді де қосады ағар­тушы. Зер са­ла қарасақ, Абай есі­­мінің кең қа­зақ сахарасына та­­ралуына, ұлы ақын сөздерінің «көкірегі сезімді, ті­лі орамды» «үлгілі жас» пен сөз танырлық ада­­мына жетуіне бас­ты себеп бол­ған тұң­ғыш жинақ екен­дігі ай­қын. Әйт­­песе, «Мақтап отыр­ған Абайы біз­дің Әбу­бәкір, Сей­дахмет, Ақ­мол­­да­ла­рымыз сы­қыл­ды біреу ғой деп жүрдім» деп әл­гі Ахаң (Ахмет Бай­­тұр­сынов) айт­қандай, көзі ашық Алаш азаматта­ры толық тани ал­мас еді.

«1903 жылы қолыма Абай сөз­де­рі жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сө­зін­дей емес. Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көп­ке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең» дейді ол.

Асхат РАЙҚҰЛ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + fifteen =