Универсиадаға қатысатын астаналықтар

0 88

Он екі күннен кейін Алматыдағы ХХVІІІ қысқы Универсиада жалауын желбіретеді. Дүниежүзілік додаға 60-қа жуық елден 2 мың-нан аса спортшы келеді деп күтілуде. Ел намысын қорғайтын өрендердің қатарында екі астаналық спортшы бар.

zimnyaya-universiada-2017-almaty

Қазақстан атынан сынға түсетін елордалықтар – Астанадағы «Толағай» жо­ғары спорт шеберлігі мек­тебінің түлектері. Екеуі де конькимен жүгіру жарысында бақ сынайды.
21 жастағы Дмитрий Морозовтың бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 11 жыл болды. Ол – ҚР Жастар ұлттық құрама командасының мүшесі. Осы уақытқа дейін ел ішіндегі чемпионаттың бірнеше дүркін чемпионы болған. Сондай-ақ, жастар арасындағы Әлем чемпионатына және Әлем кубогына қатысып, жүлдегер атан­ған. Соңғы рет 2016 жылы Беларусь ашық кубогында және ел кубогында топ жарды.

img_1660-16-01-17-04-06
Универсиадаға қатысатын тағы бір астаналықтың есімі – Надежда Сидельник. Он жылға жуық уақыт бойы конькимен жүгіру спортымен тұрақты түрде шұғылданып келеді. Жастар ұлттық құрамасының мүшесі былтыр ел чемпионатында жеке дисциплина бойынша жүзден жүйрік болды. Оған қоса, Қазақстан Кубогында да 1-орынға көтерілді. Халықаралық додалардағы нәтижелері де қуантарлық.

img_1661-16-01-17-04-06
Бір мектептен түлеп ұшқан спортшылардың ұстазы да бір адам. Екеуін де жеке жаттық­тырушы Владимир Костин баптайды.
Әне-міне дегенше, басталатын күні жақындап қалған Универсиаданың Алауы 25 қаңтар күні Астанада тұтанып, эстафета еліміздің басқа өңірлерінде жалғасын табады. Сөйтіп, Алаудың ресми тұтану салтанаты Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтеді. Ал жоғарыда біз атап өткен Надежда Сидельник қазір осы оқу орнында білім алып жатыр.

Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 + 18 =