Универсиада алауы Астанада жағылып, Алматыға жеткізіледі

0 113

Алматыдағы айтулы Универсиаданың алауы жанатын күн жақындап қалды. Бұл эстафета 25 қаңтарда Астанадан бастау алады.

8093-6-v_kazahstane_namereny_p_ru

Астанадағы алау эстафетасы Назарбаев университетінен басталып, қалалық әкімдіктің алдындағы алаңға дейін жалғаспақ.
12 шақырымға созылатын жорық Достық көшесі, Д.Қонаев көшесі, Бараев көшесі, Респуб­лика даңғылы арқылы Қабанбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл туралы арнайы брифинг барысында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Самат Қабдуллин мәлімдеді.
– Шара кезінде кептелістің алдын алу үшін шеру жүріп өтетін жолдар артынша кезек-кезегімен ашылып отырады. Эстафетаға студенттер, оқу озаттары, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатын жастар және елордалық спортшылар қатысады – деді ол.
Осынау шараны өткізу кезінде қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі туралы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Арман Айтыбеков айтып берді. Оның сөзінше, 1500 тәртіп сақшысы қоғамдық тәртіпті қадағалайды.
Эстафета екі кезеңге бөлінген. Біріншісі «Астана Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда аяқталады. Ол маңда қала тұрғындары мен қонақтары концерттік бағдарламаға куә болып, Универсиада жөнінде кеңінен ақпарат ала алады.
Ал одан кейінгі межеде эстафета мәресіне жетеді. Елордадан бағыт алған алған алау «Астана» халықаралық әуежайы арқылы Алматыға жеткізіледі.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 3 =