Үнемдеп үйренген жөн

0 107

«Жарық пен жылуды үнем­деу керек. Үнемдей біл­месек, оны да үйрену ке­рек». Мәслихат хатшысы Сан­сызбай Есіловтың төра­ға­лығымен өткен «Энер­гия тиімділігін арттыру жә­не энергияны үнемдеу мәсе­лелері» атты дөңгелек үстел мәжілісінің түйіні осыған саяды. 

Жиынды ашқан С.Есілов ҚР «Э­нер­­гияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында елорда әкім­дігі қала тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тиімді, үзіліссіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша бірқатар күрделі жобаларды жүзеге асырып жатқандығын атап өтті. «Бүгінгі таңда энергияны үнемдеу әлемдік қауымдастық үшін маңызды болып отыр. Бұл орай­­да біздің міндетіміз – биліктің түрлі деңгейінде осы жаңашылдық бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіп, заман талабына  сай тех­­но­­логияларды тәжірибеге енгізуі­міз керек» деді ол.

Дөңгелек үстелге қатысушылар энер­гия тиімділігін арттыру мәселе­лерін ғана емес, сонымен қатар ком­муналдық жылумен жабдықтау, қала кәсіпорындарында энергия аудиттерін жүргізу, тұтынылған электр энергиясына қолданыстағы тарифтер, халықаралық стандарт­тарға сәйкес энергоменеджмент жүйесін құру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, сала мамандарын алаң­дат­­қан мәселе – кадрларды даярлау және қайта даярлау. Бүгінде энергетика менеджерлері мен аудиторлары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының білікті мамандары жетіспейді. Депутат­тар бұл проблеманы шешуде «Жұ­мыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде мамандарды қайта даярлау жобасын тиімді пайдалану қажет дейді.

Жиын барысында депутаттарға қала мектептеріндегі жылу тораптарын жаңарту жұмысының нәти­желері таныстырылды.

Бір топ депутат, атап айтсақ, Зейно­л­ла Шибкенов, Мейрамбай Ор­а­лов, Тимур Оразақов  ел­ор­да­да энергияны үнемдеу те­х­­­н­о­ло­г­ия­ларын енгізу бойынша кәсіпорындардың қызметін үй­ле­с­­тіретін құрылым қажет екендігін алға тартты.  Ал депутат Мирас Шекенов энергияны үнемді пайдалану құрылыс объектілерін  сараптауды жо­­ба­­лап, салу кезеңінде қарастыру қа­жет екендігін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + 2 =