©2020 Астана Ақшамы
ҮНЕМДЕП ҮЙРЕНГЕН ЖӨН
Электр қуатын, суды, жылу мен жарықты текке шығындау кейде әдетімізге айналып кетеді. Ал, осы игіліктердің бәрін ұқыпты, үнемді тұтыну арқылы коммуналдық төлемдерді үш есе қысқартуға болады!
Егер үнемдеуді бастасаңыз, онда алдымен үйіңіздегі жарық көздерін энергия үнемдеуші лампалармен ауыстырыңыз. Ол қарапайым қызатын шамдардан гөрі 4-5 есе тиімді келеді. Яғни, 20 ваттық энергия үнемдеуші лампа 100 Ваттық лампаның жарығын береді.
\Электр қуатын көп тұтынатын асүйіміз екені рас. Егер электр қуатын үнемдегіміз келсе оның да амалын табуға болады. Асүйдегі «духовкадан» гөрі «микроволновка» 50 пайызға дейін қуатты аз жұмсайды. Астыңғы бөлігінің диаметрі темір пеш қақапағынан үлкендеу немесе соған шамалас ыдысты қолданыңыз. Сонда ыдыстың түбін пеш қызуы толық қамтиды. Су шүмектерін орнатарда жоғары көтергенде ашылып, төмен қайтарғанда жабылатын түріне басымдық беріңіз. Мамандар ондай шүмектің минутына 10 литр суды үнемдейтінін есептеп шығарыпты. Теледидар, аудио, видео құрылғылар «күту режимінде» сағатына 10 ватт жұмсайды. Ұялы қол телефоны, түрлі сандық құрылғыларды қуаттандырып болғаннан соң желіден ажыратып қойған жөн. Желіге бос қосылып тұрған «зарядкалар» талмастан электр қуатын «жей береді». Тек қана тоқ көзінен ажыратылмаған ұялы телефонды қуаттандыруға арналған құрылғы, энергияның 95 пайызын босқа шығындайды. Айта берсе, «күту режиміндегі» компьютерлер шағын тоңазытқыштардай электр қуатын жұмсайды. Егер компьютерде жұмыс істемесеңіз өшіріп қойған жөн, оның мүмкіндігі болмаса уақытша болса да мониторды өшіріп қойыңыз. Сонда 50 пайыз электр энергиясын үнемдейсіз. Бөлмеге термостатты ауабаптағыш қойған тиімді. Қапшығы қоқысқа толған шаңсорғыш энергияны 40 % көп шығындайды. Дұрысы, A+++ класты тұрмыстық техниканы пайдаланыңыз.
Қарап отырсаңыз, энергия үнемдеудің еш қиындығы жоқ.
Айгүл УАЙСОВА