Үнемдегіш шамдар қауіпті ме?

0 486

Елімізде 2014 жылдан бері қуаттылығы 25 ватты құрайтын қыздыру шамдарын әкелуге және сатуға тыйым салынғаны белгілі. Олардың орнына бүгінде энергия үнемдегіш люминесцентті, яғни, диодты шамдар пайдаланылып отыр.

ERM_8549

Люминесцентті шамдар әдеттегі жарық көздеріне қа­рағанда электр энергиясын 5 есеге дейін аз тұтынады. Есесіне 8 есе көп жарық береді. Пайдалану мерзімі де ұзақ, 8 мың сағатқа жетеді дейді сарапшылар. Алайда, экономикалық жағынан тиімді болғанымен зиянды тұстары тағы бар болып шықты. Жарық үнемдегіш әр лампаның құрамында ұнтақ немесе бу түрінде 3-5 мг ара­лығында сынап болады. Яғни, мұндай лампалардың кез келген түрі сынатын болса адам өміріне қауіп төндіреді деген сөз. Мамандар әсіресе, сынап буынан сақ болу керектігін айтады.
Буына уланған жағдайда адам­ның бауыры, бүйрегі, жүйке жүйесі сондай-ақ, ас қорыту жүйесі зақымданады.
Бар болғаны 3 мг сынаптың адам өмірі ғана емес, топырақ пен суға, яғни қоршаған ортаға орасан зор көлемде зиян кел­тіретінін айта кету керек. Бір шамның құрамындағы сынап ауаға тараса, зиянды заттар­дың үлесін қалыпты мөл­шер­ден 10 есеге арттыратыны дә­лел­денген.

  • Бүгінде энергия үнемдеуші шам­дар­дың үш түрі бар:
    Галогенді шамдар
    Энергия көзін 30-50 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Жарамдылық мерзімі — 3000 сағат, яғни қалыпты жағдайда үздіксіз
    125 күн қызмет етеді деген сөз.

Осы мақсатта 2013 жылы Астана қаласы әкімдігінің бас­тамасымен елімізде алғаш рет зиянды шамдарды қабылдап, кейіннен утилизацияға жібе­руді көздейтін арнайы бағ­дар­лама қабылданғаны белгілі. Қаланың әр ауданында әртүрлі өлшемдегі үнемдегіш шам­дар мен басқа да зиянды хи­миялық қуат көздерін (ба­та­рей­калар, аккумуляторлар)
қа­былдайтын арнайы 100 кон­тей­нерлер орнатылып, тұр­ғын­дар арасында жан-жақты түсін­діру жұмыстары жүр­гі­зілді. Бұл жұмыстар өз кезе­гінде жақсы нәтиже беріп, бір жыл­­дың ішін­де 500 мың шам жинал­­ған болатын. Пилоттық жоба ре­тінде қолға алынған жоба кейін де жалғасын тапты. Арнайы мақ­саттағы контей­нерлер­дің саны соңғы екі-үш жыл­дың ішінде 300-ге дейін көбейтілді.
«Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін елорда аумағынан екі мил­лион­­­ға жуық құрамында сынабы бар шам түрлері жиналыпты.

  • Жарықдиодты шамда
    Энергия көзін 80-90 пайызға дейін аз тұтынады. Жарам­дылық мерзімі 50 мың сағат. Яғни, 2083 күн немесе 5,5 жыл еш ауыс­тырмастан пай­­далана беруге болады.

Яғни, бас-аяғы бірнеше жыл­дың ішінде қоршаған ортаға 4,5 келі сынап төгілудің алды алынды деген сөз.
Сонымен қатар, Астана қаласында энергия үнемдегіш шамдардан келетін зиянның алдын алу жұмыстары ғана емес жалпы құрамында сынабы бар құрылғылардың үлесін азайту мақсатында да біршама жұмыстар атқарылып жатыр. 2014 жылы ҚР Энергетика министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің арасында арнайы Меморандум жасалған
болатын.

  • Люминесцентті шамдар
    Энергия көзін 80 пайызға дейін үнемдей алады. Нарықтағы бағасы сәл қымбаттау кө­рін­генімен ұзақ уақыт бойы іске жарай бе­реді. Техникалық си­­паттамасына шам­ның бұл түрі 20 мың сағатқа (833 күн немесе үздіксіз 2 жыл) дейін жанып тұра беретіні көрсетілген.

Аталмыш меморан­дум негізінде ел­ор­дадағы денсаулық сақтау ме­ке­мелеріндегі құрамында сы­набы бар термометрлер элек­­тронды өлшегіштерге ауыс­­тырыла бастады. Тек өткен жылдың өзінде ғана 1 845 дана өлшегіш электронды термометрмен алмастырылды.
Аталмыш жоба алдағы уа­қытта да жалғасын табады деп күтіліп отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × 1 =