«Үміт» үмітті оятады

0 36

Бүгінгі таңда елордадағы «Үміт» дағдарыс орталығында 57 қызмет алушы тұрып жатыр. Оның 19-ы ересек адам да, 38-і – кәмелетке толмаған бала. 

201021154405525a3709044i

Мұнда, негізінен, отбасында тұрмыс­тық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, қатыгездікке тап болған жандарға арнайы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Орталық – 50 төсектік. Ал тұру уақыты – бір айдан алты айға дейін.

– Орталыққа келушілер, әсіресе, елде қауіпті індет басталған кейінгі екі жылда күрт өсті. Бұрын жылына «Үміт» дағдарыс орталығына 180 адам түсетін болса, қазір 270 адамға жетіп отыр. Оның 85-і ересек азаматша да, 185-і – кәмелет жасына толмаған бала. Бұған қарап біз көрсеткіш жылына 70 пайызға көтерілгенін көреміз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Үміт» дағдарыс орталығының директоры Ғалихан Куканбеков.

– «Үміт» дағдарыс орталығына биыл жазда үш баламмен келіп түстім. Бізді мұнда жақсы қарсы алды. Әсіресе, психологтар бізбен етене тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Балаларымның да жағдайы жақсы. Осындағы балабақшаға барады, – дейді орталықтан қызмет алушы Әйгерім Серікбаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fifteen − 14 =