«Ұлық ұлыс» – ұлттық музейде

0 18

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлық Ұлыс» залы ашылды. Осы арқылы Алтын орда мемлекеті мен Қазақ хандығының тікелей сабақтастығын көрсету, олардың өзара байланысы мен тарихын насихаттау көзделіп отыр.Музей Ұлық Ұлыс мемлекетінің мұрагері қазақ халқы екенін этникалық, генетикалық, антропологиялық және географиялық деректермен көрсетпек. Келушілердің назарына шетел мұрағаттарынан табылған хандар жазбаларының көшірмесі, мемлекеттің рәмізі болған туы, тарихи құнды құжаттар және өзге де жәдігерлер ұсынылады. «Ұлық Ұлыс мемлекеті қазақтың тарихы ғана емес. Бұл сол империядағы бірге болған ноғайлар, қарақалпақтар, татарлар, Қырым татарларының да тарихы. Солар Қазақстанға келгенде біздің ортақ тарихымызды көру керек. Бұл – біздің ортақ тарихымыз» дейді салтанатты рәсімге қатысқан Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 + nine =