Ұлыбританияда үздік шықты

0 18

Ұлыбританияда Еуразиялық шығармашылық гильдия кинофестивалінде қазақстандық автор Зәуре Төреханованың «Жібек құртының ұясы» шығармасы «Үздік сценарий» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды.Еуразиялық шығармашылық гильдия кинофес­тивалі – Еуразия­лық кинематографияның ағылшын тілді кеңістікте таралуына себепші болып жүрген байқаулардың бірі. Ол британиялық беделді Romford Film Festival кинофестивалімен ынтымақтас­тықта өткізіліп келеді. Лондон кинотеатрында ағылшын тіліндегі 200-ден аса жұмыс, атап айтқанда, деректі, көркем, қысқамет­ражды кино, анимациялық фильм және басқа да жанрларда көрсетілді.
Балалар жазушысы, сценарист, бірнеше әдеби байқаулар мен сыйлықтардың лауреаты Зәуре Төреханованың кинофестивалдегі шығармасында, қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, сиқырлы әлем кейіпкерлерінің образдары ғажап бейнеленген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 + 20 =