ҰЛЫ ОПЕРАЛЫҚ АРИЯЛАР

0 155

Бүгін елордадағы «Астана Опера» сахнасында әлемдік опера жауһарлары тыңдармандарға ұсынылады.

897090

Концерт бағдарламасында ­П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі», Дж.Вердидің «Риголетто», Дж.Пуччинидің «Богема», К.Сен-Санстың «Самсон мен Далила», Ш.Гуноның «Фауст», Ж.Бизенің «Кармен», Р.Леонкаваллоның «Сайқымазақтар», Дж.Вердидің «Бал-мас­карад» және басқа опералардан әйгілі ариялар мен көрініс көрсетеді.«Бағдарламаға енгізілген ария­­ларды, негізінен, оркестр­дің сүйемелдеуімен тыңдауға болады. Менің алдымда күрделі әрі жауапты міндет осы туындыларды оркестрмен орындау тұр» дейді концерт авторы Жанар Ахметова. Режиссер Наталья Кагадий әсерге толы кешті театрландырылған қойылымдармен көркемдеп, тосын ойлар қосқан.

– Маған тенорға арнап жазылған әйгілі шығармаларды орындау бақыты бұйырды. Біз Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», «Богема» операларынан дуэттер және Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсынан Розина мен Фигароның естен кетпес дуэтін өнерсүйер қауымға сыйлаймыз, – дейді театр әртісі Ерұлан Кәмел.
Опералық шлягерлерді орындайтын жетекші солис­тер арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ пен Айзада Қапонова, Салтанат Мұратбекова және халықаралық конкурстардың лауреаты Азат Мәлік секілді талантты әншілер бар.

Осындай ғажа­йып кештен сырт қалмаңыз, құрметті көрермен!

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen + seventeen =