©2020 Астана Ақшамы
Ұлы ерлік ұмытылмайды
Сталинград түбіндегі шайқасқа 70 жыл толуына орай қалалық орталық кітапханада Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен «Жас Отан» жастар қанаты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Сталинград шайқасы – екінші дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Оның ұзақтығы, қан төккен жауынгерлер және әскери техника саны жағынан тарихтағы ұлы шайқастардың бәрінен де асып түседі. Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Мұхамеджан Таласовтың айтуынша, Сталинград түбіндегі қанды қақтығыс 200 күн мен түнге созылды. «Астанада Сталинград шайқасына қатысқан 15 ардагер бар. Сол ұрыс алаңында, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен әкелеріміздің жеңісі кейінгі ұрпақ жадында мәңгіге сақталсын деген ниетпен осындай құрмет көрсеткенді жөн санадық» дейді ол.
Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ